Қостанайда бір апта бұрын жоғалған 35 жастағы әйелдің денесі табылды

29 қыркүйек 2022, 14:24

Қостанайда жоғалған 35 жастағы әйелдің денесі табылды. Оны полиция 22 қыркүйектен бері іздеп жатқан еді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Полицияға оның күйеуі жүгінген.

 

Аталған факті бойынша полиция іздестіру іс-шараларын бастады.

 

Бүгін 8.25-те «102» пультіне үлкен көпір аймағындағы өзенде әйелдің денесі болуы мүмкін деген хабарлама келді.

 

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Марқұмның Қуаныш Бермұхамбетова екені туралы ақпарат расталды.

 

Қазіргі уақытта өлімнің себебін анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалған.

 

Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады.