Қостанайда жас келіншек өз пәтерінен өлі табылды (видео)

25 желтоқсан 2021, 13:37

Көз жұмған келіншек туралы бейнежазба әлеуметтік желіге салынды. Онда марқұмның туысы полиция қызметкерлерінің жұмысына шағымданады.

 

Экспресс К осыған қатысты ПД баспасөз қызметіне сұрау салды.

 

Бейнежазба Инстаграмдағы парақшада жарияланды.

 

23 желтоқсанда түнгі сағат 2-3 шамасында менің туған әпкем біреумен бірге өз үйінде ішімдік ішкен. Оның өлі денесі табылды. Полиция жұмыс істегісі келмейді. Оны туалетте қылғындырған. Полиция саусақ белгілерін әлі алған жоқ, — дейді видеоны түсірген қыз.

 

 

Қостанай облысы Полиция департаменті осыған қатысты түсінік берді.

 

"Криминалдық өлімнің айқын белгілері жоқ мәйіттің табылу фактісі сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіміне тіркеліп, сараптама тағайындалды. Соның нәтижесі бойынша шешім қабылданатын болады. Оқиға орнын тексеруді сот-медициналық сарапшының қатысуымен жедел-тергеу тобы жүргізді", — делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Көз жұмған келіншектің жасы 33-те екені белгілі болды. Таныстары оның мінезі қалыпты болғанын айтады.

 

Кейін ПД баспаөз қызметінің хатшысы Ирина Беженарь сараптама қорытындысы бойынша суицид нақтыланғанын, бұған туыстарының да көзі жеткенін мәлімдеді.