Оқиға

Қостанайда жер үйде газ балон жарылып, екі адам көз жұмды

  • https://www.instagram.com/

    https://www.instagram.com/

Қостанай қаласында болған жарылыста зардап шеккен екі адам көз жұмды, деп хабарлады "Костанайские новости".

 

Олар жарылыс салдарынан қатты күйік алған. 1995 жылғы ер адам 19 қыркүйекте, 1984 жылғы азамат 20 қыркүйекте таңғы бесте көз жұмды.

 

 

Бейсенбі күні, 16 қыркүйекте Қостанайда жер үйдің жертөлесінде жарылыс болды. Куәгерлердің айтуынша, үш ер адам монтаждау көбігімен жұмыс істеп жатқан.

 

Зардап шеккен үш адам да Қостанай қалалық ауруханасына жеткізілген.

 

"1995 жылғы ер адамның басын, кеудесі мен аяқ-қолын үшінші дәрежелі күйік шалды, терісінің 80%-і күйді. 1984 жылғы ер адамның терісінің 35%-і күйді, басы, кеуде тұсы мен тыныс жолдарын үшінші дәрежелі күйік шалды. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр", - деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

 

Ал 1983 жылғы үшінші азаматтың беті мен басының бір бөлігін екінші дәрежелі күйік шалған, барлығы 12%. Ол ауруханаға жатудан бас тартты.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 425    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.09.2021, 00:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31