Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қостанайда жылу құбыры жарылып, 8 көппәтерлі үй жылусыз қалды

26 желтоқсан 2022, 16:29

Қостанай қаласындағы Тәуелсіздік даңғылында жерасты жылу құбыры жарылып, 8 көппәтерлі тұрғын үй жылусыз қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы «Қостанай жылу энергетикалық компаниясының» баспасөз қызметі мәлім етті.

 

«26 желтоқсан күні Тәуелсіздік даңғылындағы жерасты жылу құбырының диаметрі 250 мм болатын бөлігі жарылды. Сағат 09:00-14:30 аралығында құбырды ашу үшін қазу жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты 8 көппәтерлі тұрғын үй (381 абонент) жылудан ажыратылды. Жөндеу жұмыстарын сағат 20:00-ге жақын аяқтау жоспарлануда», - делінген «Қостанай жылу энергетикалық компаниясының» хабарламасында.

 

Мәлім болғандай, мына мекенжайлар бойынша орналасқан көппәтерлі үйлер жылудан ажыратылды:

 

Әл-Фараби даңғылы бойындағы №143, №145, №158/1, №158/6 үйлер;

 

Перонная көшесі бойындағы №3, №4, №10 үйлер;

 

Темірбаев көшесі бойындағы №39 үй.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қостанайда жылу желісіне зақым келуі салдарынан тұрғын үйлер, мектеп пен әуежай жылусыз қалған.