Оқиға

Қостанайда қасқырмен арпалысқан әйел көз жұмды – оқиғаның мән-жайы

  • Қостанайда қасқырмен арпалысқан әйел көз жұмды – оқиғаның мән-жайы

    Қостанайда қасқырмен арпалысқан әйел көз жұмды – оқиғаның мән-жайы

Сот-медициналық сараптама кезінде өлімнің нақты себебі анықталады

Меңдіқара ауданында қасқырға таланған әйел қайтыс болды, деп хабарлады "Костанайские новости" басылымы. 

Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы 50 жастағы әйелдің көз жұмғанын растады.

"Иә, қасқырға таланған әйел қайтыс болды. Ол Меңдіқара аудандық ауруханасынде емделген", – деді басқарманың баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.
Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сол кезде өлімнің нақты себебі анықталады.

Айта кетейік, маусым айында Ұзынағаш ауылына кірген қасқыр 19 жастағы жігіт пен 50 жастағы әйелге тап берген. Әйел айыр алып, жыртқышпен арпалысты. Дегенмен, жарақат алып, ауруханаға түсті.

Содан жергілікті тұрғындар мылтығы бар жалғыз адам - Жақсылық Сәдуақасовқа өтініш айтып, қасқырдың көзін жоюды сұрапты.

"Қасқырды ауыл болып, бірнеше мәшинемен қудық қой. Ақыры Жақсылық оны атып түсірді", - дейді ауыл тұрғыны Жеңіс Силханов.

Ауыл тұрғындары жыртқышта құтырудың бар-жоғын тексеру үшін өлексесін аудан орталығына да апарған.

sputnik.kz




Көрілген: 2672    Пікірлер: 0

сенбі, 03.07.2021, 02:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30