Оқиға

Қостанайда құрылыс алаңында болған қайғылы оқиғаның себебі айтылды

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Қостанай облысында жер астына құбыр төсеу кезінде топырақ құлап, 16 жастағы жұмысшы қайтыс болды. Полиция өкілдері апаттың алдын-ала себептерін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

"36 жастағы экскаватор жүргізушісі жұмысшыны құтқару кезінде абайсыз әрекет жасауы салдарынан кәмелетке толмаған жеткіншек қайтыс болды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", &ndash деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

 

Құқық қорғау органдарының дерегінше, аталған іс "еңбек қорғау ережелерін бұзу" бабы бойынша тергелген.

 

Ал жергілікті "Алау" басылымының хабарлауынша, қайғылы оқиға 30 қыркүйек күні жер астына құбыр төсеу кезінде болған.

 

"Қостанай облысының Алтын-дала ауылында 16 жастағы жұмысшы топырақ астында қалып, көз жұмды", &ndash делінген басылым ақпаратында.

 

 

 




Көрілген: 741    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.11.2020, 13:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31