Қостанайда найзағай түсіп, малшы жігіт атымен қоса мерт етті

27 шілде 2023, 19:16

Қостанай облысының Жітіқара ауданына қарасты Чайковский ауылында жылқы бағып жүрген 27 жастағы жігітке найзағай түсіп, мерт етті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Нalyq-uni.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, марқұм 19 шілдеде мал жайып жүргенде туыстарымен байланысы үзілген.

 

Келесі күні елді мекеннен 5 шақырым жерде, жазық даладан оның денесі табылды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың ізі көрінбеді. Оның жанында жеке заттары мен ұялы телефоны болған, - делінген хабарламада.

 

Ведомство мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында барлық қажетті тергеу әрекеті мен сараптамалар жүргізіліп, жігіттің өліміне басынан соққан найзағай себеп болғаны анықталды. Сондай-ақ оның астындағы аты да қатар өлген.

 

ТЖД қызметкерлері тұрғындарға мынадай ескерту жасады:

 

* найзағай болған жағдайда мұржалар мен желдеткіштерді, сондай-ақ терезелер мен есіктерді жабу қажет;

* найзағай бағандар арасында тартылған сымдарға жиі тиетінін есте сақтаған жөн. Сондықтан найзағай кезінде телефонмен сөйлеспеген дұрыс;

* терезеге, электр сымдарына, жайтартқыштарға, шатырдағы суағарлар мен антенналарға жақындамаған абзал;

* мүмкіндігінше теледидар, радио және басқа да тұрмыстық электр құралдарын өшіру қажет;

* орманды жерде күн күркірегенде төмен орналасқан учаскеге, атап айтқанда, сайға түсу керек;

* ұзын ағаштардың, әсіресе қарағай, емен, теректердің жанында найзағайдан тығылуға болмайды;

* найзағай кезінде суда немесе судың жағасында тұрмаған жөн.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz