Қостанайда орманнан жас қыздың денесі табылды

28 тамыз 2023, 12:01

Қостанай облысында саңырауқұлақ теруге шыққандар орманнан жас қыздың денесін тауып алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Alau.kz жазуынша, 27 тамызда сағат 17.00 шамасында Архиповка ауылынан 5 шақырым жерде саңырауқұлақ теріп жүргендер жас қыздың денесін тапқан. Алдын ала болжам бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған.

 

Кездейсоқ көріп қалдық. Сол жерде көлігі де тұр екен. Алдыңғы орындықта балаларға арналған орындық бар, - дейді видеодағы дауыс.

 

Ақпаратты Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі растады.

 

Қазіргі уақытта полицейлер аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz