Қостанайда өзеннен әйелдің мәйіті табылды

29 қыркүйек 2022, 15:38

Қостанайда жоғалған 35 жастағы әйелдің денесі табылды. Оған 22 қыркүйекте іздеу жарияланған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.  

 

Полицияға оның жұбайы жүгінген. Аталған факті бойынша полиция іздестіру іс-шараларын жүргізді.

 

Бүгін таңғы сағат 8.25-те "102" пультіне үлкен көпір аймағындағы өзенде әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама түсті.

 

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Табылған мәйіт жоғалған Қуаныш Бермұхамбетова екені расталды.

 

Қазіргі уақытта өлімнің себебін анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалған.

 

Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады.