Оқиға

Қою қара түтін алматылықтардың зәресін ұшырды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Алматыда тұрғын үй ауласындағы шаруашылық құрылыстары өртенді. Өрт орнынан 25 литрлік екі газ баллоны мен 5 литрлік екі газ баллоны шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер 18 қазан күні сағат 14:47 кезінде Алмалы ауданындағы Қожамқұлов көшесі, 259 мекенжайындағы өртті сөндіруге шықты.

 

Оқиға орнына жеткенде жалпы ауданы 40 шаршы метр шаруашылық құрылыстың жанып жатқаны анықталды.

 

Өрттің жеке тұрғын үйгелерге таралуы қауіпі туындады. 25 литрлік газ баллондардың бірінен газ шыққан соң оны өрт сөндірушілер қауіпсіз қашықтыққа шығарып үлгерді.

 

Жамбыл көшесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері көшені қоршауға алды.

 

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт 8 минутта, сағат 15:10-да өшірілді. 15:27-де толығымен жойылды. Өрт сөндіру жұмысына 10 техника, жеке құрамнан 35 адам жұмылдырылды.

 

Соңғы дерек бойынша қызыл жалын 100 шаршы метрді шарпыған.

 

 




Көрілген: 475    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.10.2021, 17:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31