Оқиға

Қозғалтқышы істен шыққан ұшақ апатты жағдайда Алматыға қонды

  • Қозғалтқышы істен шыққан ұшақ апатты жағдайда Алматыға қонды

    Қозғалтқышы істен шыққан ұшақ апатты жағдайда Алматыға қонды

Қозғалтқышы істен шыққан ұшақ апатты жағдайда Алматы әуежайына қонды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Оқиға туралы ақпарат 3 тамызда әлеуметтік желілерде таралды. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін бірден қайтадан әуежайға қонған. 

 Кейбір ақпараттарда бұл ұшақ 2017 жылдың қазанында Алматы маңында құлаған Ан-28 ұшағының әуе компаниясына тиесілі делінген. Еске салсақ, ол апатта бес адам көз жұмған болатын. 

Кейін бұл ақпаратқа қатысты индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі түсініктеме берді. Департаменттің мәліметінше, бұл ұшак санитарлық рейс орындауы қажет болған. 

"East Wing әуе компаниясының ұшағы Алматыдан Семейге ұшып бара жатқан. 11:12-де ұшқаннан кейін командир сол жақтағы қозғалтқыштың істен шыққандығы туралы хабарлады және ұшақ әуежайға қайта оралды. 11:17 -де ұшақ аман-есен әуежайға қонды. Бортта бес экипаждың мүшесі және екі адам болған", – деп хабарлайды министрліктің баспасөз хатшысы Дәулет Сәмбетбаев.

Stan.kz




Көрілген: 621    Пікірлер: 0

жұма, 03.09.2021, 15:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31