Оқиға

ҚР ІІМ Арыста екі адамның қалай көз жұмғанын хабарлады

  • Tengrinews

    Tengrinews

Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин Арыстағы жарылыс салдарынан екі адамның қалай көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Бұған дейін хабарлағанымыздай, жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты. Оның бірі Арыс қаласының тұрғыны болған. Снаряд автокөлікке түсіп, оның ішіндегі адам көз жұмды. Мерт болған адамның екіншісі - Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі. Оның денесі іздеу жұмыстары кезінде әскери бөлімнен жақын жерден табылды», - деді Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап берген Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин.


Вице-министрдің айтуына қарағанда, қазіргі уақытта оқиға орнында саперлер жұмыс жүргізіп жатыр.


Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында кеше таңертең жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Апат салдарынан екі адам мерт болды. Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланың қалпына келтірілетініне уәде берді.


 




Көрілген: 550    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.06.2019, 11:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Маусым, 11:45
    Миялыдағы ажалды апат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31