Оқиға

ҚР СІМ қазақстандық альпинистерге қатысты мәлімдеме жасады

  • https://24.kz

    https://24.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың Қырғызстан тауларында қиын жағдайға тап болған Қазақстан альпинистеріне қатысты мәлімдемесі жарияланды.


17 тамызда Бішкектегі қазақстандық консулға Қазақстанның 3 альпинисі Тянь-Шань тауының (Қырғызстан, Ыстықкөл облысы) Победа шыңында жоғалып кеткендігі туралы ақпарат түсті.


Қазақстан азаматтары Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулиннің 4 тамыз күні Победа шыңына сапарлап шыққандығы анықталды. Олардың барлығы да кәсіби және тәжірибелі альпинистер.


14 тамызда альпинистер аталған шыңды бағындырған. Сол күні ауа райы нашарлап кетті. Альпинистер 15 тамыз күні шамамен сағат 08:15-те соңғы рет байланысқа шығып, болған жайтқа қатысты дабыл қаққан.


Сондай-ақ олар А.Чечулиннің қаза тапқандығын естірткен. Алдын ала мәліметке сәйкес, өкпенің ісінуінен.


Альпинистер дабыл қаққан сәтте олар 6 900 метр биіктікте болған. Шатырлары мен жабдықтарын жел ұшырып кеткен. Олар қардан шұңқыр қазып, соған жасырынғандықтарын айтты.


Дипломаттарымыз жедел түрде болған оқиға жайында Қырғызстан ТЖМ-і мен Қазақстан ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің кезекшілік бөліміне хабар берді.


18 тамызда аталған жорықты ұйымдастырған туристік компанияға тиесілі тікұшақ альпинистер жоғалған болжамды ауданды шолу үшін екі рет әуеге көтерілді. Өкінішке қарай, нәтиже жоқ. Себебі тауда бірнеше рет көшкін жүріп, аталған ауданды қар басып қалды.


Құтқару операциясына аталған таулы аймақта тікұшақтың небәрі 4 500 метрде ғана ұшуына рұқсат берілуі, сонымен қатар қолайсыз ауа райы кедергі келтіруде.


Қазіргі уақытта Қазақстан елшілігінде жедел штаб құрылып, ол жоғалған альпинистерді іздеуге барынша көмек көрсетіп жатыр. Дипломаттар Қазақстан мен Қырғызстанның құзіретті органдарымен және жоғалған альпинистердің туыстарымен тұрақты байланыста. Консул мен М.Өтепбаевтың туыстары түнімен елшілікте болып, үйлестіру мәселелерін бірлесіп қарастырды.


Қырғыз аумағында Қазақстан тікұшақтарының ұшуына рұқсатты ұйымдастыру жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Қазақстан тікұшақтары жоғалғандарды іздеуге көмекке шақырылған Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің кәсіби альпинистер тобын жеткізетін болады. Бір іздеу тобына танымал альпинист Мақсұт Жұмаев жетекшілік ететіндігі жоспарланған.


Қазақстан Сырты істер министрлігінің басшылығы альпинистерді іздеу жұмыстарын ерекше бақылауында ұстап отыр. Ақпаратты алғаннан алғашқы минуттарынан бастап іздеуде барынша көмек көрсетіп келе жатқан қырғыз тарапымен ҚР ІІМ ТЖК және Қорғаныс министрлігімен бірлесіп жедел жұмыстарды жүргізуде.


Айта кетейік, AlpineAsia Team секциясының альпинистері Қырғызстандағы Победа шыңында қар үйіндісінің астында қалғанын хабарлағанбыз.


Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев та қазақстандық альпинистердің тауда жоғалып кетуіне қатысты пікір білдірді.


24.kz


 




Көрілген: 345    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.08.2019, 16:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30