Оқиға

Күдебаев ұлының өлімі: Алматы ауруханасының бас дәрігері алғаш рет сұхбат берді

  • Видеодан кадр:

    Видеодан кадр: "Астана" ТВ

Алматы полициясының бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың ұлының өліміне қатысты тергеуге алынған мегаполис ауруханасының бас дәрігері Қанат Тезекбаев 9 айдан кейін алғаш рет журналистерге сұхбат берді. Тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Медцина қызметкерлері эксклюзив сұхбатты "Астана" телеарнасының тілшісіне берді.

 

Тезекбаев тергеу уақытында медициналық тәжірибеден аластатылған еді. Қанат Мәрденұлы дәрігерлік тәжірибені сағынып, ал отаны түсінде көріп жүргенін айтады.

 

Ақ халатты азамат бірнеше ай бойы ауруханада жұмыс істемегеніне қарамастан, пациенттер мен әріптестері оған әлі күнге дейін жүгініп жүр екен.

 

Тезекбаевтың сөзінше, Алматы маңындағы Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған күні ол алматылық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығына хабарласып, әріптестеріне көмектесуге рұқсат етуді сұраған. Нәтижесінде Қанат Мәрденұлы ауруханаға бармай, басқа дәрігерлерге қашықтан қол ұшын берген. Ақ халаттылар таңнан бастап оған пациенттің рентген суреттерін жіберіп, кеңес алып отырған.

 

Әлі аяқталмаған тергеу жұмысы жайында Тезекбаев ештеңе айтпады. Себебі, ол тергеу барысында ақпаратты жарияламау жайлы келісімшартқа қол қойған.

 

Айта кетейік, Алматы полициясы экс-бастығы Серік Күдебаевтың ұлы Нұрсұлтан Күдебаев тамыз айының басында Алматы облысында квадроциклмен жол апатына түсті.

 

27 тамыз күні ол Германиядағы ауруханалардың бірінде көз жұмды.

 




Көрілген: 344    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.06.2020, 15:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31