Құрылыс алаңында ойнап жүрген бала бетон арасына қысылып қалды

02 маусым 2022, 09:55

Оқыс оқиға Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында болған.

Алты жасар балаға құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар көмек көрсетті, деп хабарлайды Экспресс К.

"Бала көшеде ойнап жүріп, бетон плиталардың арасына түсіп кетіп, қайта шыға алмай қалған. №18-ӨСБ қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар көмекке шұғыл жетті. Алдымен олар бетонды бөлшектеу үшін жүк тиегіш техника мен кранды алдырмақ болды. Алайда бала жылап, ойланып тұруға уақыт болмады", — дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі