Оқиға

Күйеуі бар, көпбалалы келіншекпен көңіл қосқан азаматты әйелдің туыстары өлтірген

  • Күйеуі бар, көпбалалы келіншекпен көңіл қосқан азаматты әйелдің туыстары өлтірген

    Күйеуі бар, көпбалалы келіншекпен көңіл қосқан азаматты әйелдің туыстары өлтірген

Түркістан облысында 27 жастағы жігіттің өліміне қатысты сот отырысы басталды. Әлеуметтік желіде қызу талқыланған бұл қайғылы оқиға былтыр мамыр айында болған, &ndash деп хабарлады Астана телеарнасы.

Марқұмның туысы біздің арнамызға хабарласып, «Күйеуі бар, көп балалы келіншекпен байланыста болғаны үшін інісін әйелдің туыстары мерт қылды» деген еді.

27 жастағы жігіттің өліміне екі адам айыпталды. Біреуі марқұммен байланыста болған келіншектің күйеуі, екіншісі &ndash қыздың туған інісі. Оларға жас жігітті өлімші етіп сабады деген айып тағылған.

Марқұмның артында төрт баласы қалды.

-Жәбірленуші Ә.Баймұрзаев ауыр дене жарақатынан қайтыс болған. Бір топ адам оны ұрып-соғып абайсызда өлтірген.

Бұл оқиға өткен жылдың мамыр айында болған. 27 жасар жігіт күйеуі бар келіншекпен байланыста болғаны үшін ауыр соққыға жығылған. Ол 4 күн ес-түссіз жатып, ауруханада көз жұмды , &ndash деді мемлекетік айыптаушы Ермек Әбдіғаниев.
Марқұмның ағасы інісінің көз алдында таяқ жегенін айтып отыр.

Болат Баймұрзаев  сол күні інісімен сөйлескен екен. Марқұм байланысты доғаратынын айтып уәде берген. Алайда ол нақсүйерімен бәрібір кездескен. Айтуынша, кездесуге оны әйелдің өзі шақырыпты. Інісін алты адам жабылып сабаған көрінеді. Алайда айып екі адамға ғана тағылған. Жәбірленуші тарап қыздың әкесін де жауапқа тартуды талап етіп отыр.

&ndash Дұрыс тергелмеді. Сараптама дұрыс жүргізілмеген. Бізде суреттері бар, мәйітін суретке түсірген уақытта денесіне пышақтың бір емес, бірнеше рет сұғылғаны көрінеді. Бастан ғана емес,  денесінің басқа жерлерінен де ұрған. Бұл сот отырысы негізі қазан айында өтуі керек еді. Алайда судья істі тергеуге қайта жіберіп, іс қаңтарға қалды. Бейсенбіге белгіленген келесі сот процесінде куәгерлер тыңдалмақ, &ndash дейді жәбірленушінің заңды өкілі Құрманғалы Мүсір.

stan.kz
 




Көрілген: 1184    Пікірлер: 0

жұма, 22.01.2021, 17:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31