Оқиға

"Күйеуі келіп қалған-ау": Оралда ер адам балконнан іш киіммен түскен (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде іш киіммен көпқабатты үйдің балконынан түсіп бара жатқан азаматтың видеосы қызу талқыға түсті. Оқиға Оралдың 4-ықшамауданында болған. Көптің назарын аударған бейнежазбаға қатысты Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Ролик авторы жігітті "қаһарман көңілдес" деп атаған. Күтпеген жағдайға кішкентай балалар да куә болған. Балконнан түскен соң жігіт асығыс түрде заттарын жинап, кетіп қалған.

 

"Мүмкін жай қызына келіп, ата-анасы үйіне кіріп қалған шығар",- деді желі қолданушыларының бірі.

Ал басқа оқырмандар азаматтың бұл әрекетін әзілге айналдырып жіберді. "Тағдырдан құтыла алмайсың. Пәтерден ұсталмадың, әлеуметтік желіде ұсталдың", "Кім жоғалтып алды?", "Біреудің күйеуі ерте келген-ау", "Коронавирусты уайымдап жүргенде көңілімді көтерді ғой", "Қазір барлық әйелдер көріп, менің батырым емес пе деп ойлап жатқан шығар" деп жазды олар.

 

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті аталған мекенжайдан ешқандай хабар келмегенін мәлімдеді. Үй подъезі карантинге жабылмаған.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch 




Көрілген: 3206    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.05.2020, 17:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30