Оқиға

Қымбат көлік тақымдаған келіншек бүкіл тараздық тәртіп сақшыларын тік тұрғызды (видео)

  • ktk.kz

    ktk.kz

Бағдаршамның қызыл түсіне пысқырмай өткен жүргізуші, полицейлерден қашып құтылмақ болған. Сөйтіп қаланы шыр айналып қуғыншыларды діңкелеткен. Алайда ол із суыта алмай, ұсталып тынды.


Бағдаршамнан зуылдап өткен «Toyota Land Cruiser» тәртіп сақшыларының назарына ілккен. Алайда ол полицейлердің бұйрығына бағынудың орнына, екпінін арттыра түсіпті. Тіпті, жүйіткіген жүргізуші көлігімен жолдағы машинаны қағып кеткен.


Осылайша, біраз уақыт бойы «шоу» жасаған 33 жастағы келіншек ақыры ұсталып тынды. Полицейлер оны қақпайлап әзер тоқтатқан.


Сонда да келіншек машинадан шықпай, есігін жауып алған. Кейін күйеуі келіп, ашуы басылғасын есікті ашыпты.


Оның құзырлы орыннан қашуы бекер болмапты. Ішімдік ішкені анықталып, енді ол қомақты айыппұл төлейтін болды.


Айта кетейік, жүргізуші бұған дейін де осы тақылеттес әрекетімен полицейлердің назарына іліккен.


Абай Ибақожа, Жол-патрульдік полиция инспекторы:


- Ішімдік ішкен бе?


- Ішімдік ішкен.





ktk.kz

 




Көрілген: 1685    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.06.2019, 09:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31