Оқиға

Қыз алып қашпақ болған жігіт үш жылға сотталуы мүмкін

  • Көрнекі сурет. ©aikyn.kz

    Көрнекі сурет. ©aikyn.kz

Жамбылда сүйктісін күштеп қалыңдық еткісі келген азамат қамауға алынды. Шу қаласының 30 жастағы тұрғыны өзі ұнататын қызға үйленбекші болған. Алайда 20 жастағы бойжеткен оған тұрмысқа шығудан бас тартыпты. Бұған намыстанған ер азамат, қыздың жұмысына келіп, оны алып қашуға әрекет жасады.

Альбина есікті іштен іліп алып, ашпай қойған. Ашуланған азамат қолындағы пышақпен құлыпты бұзбақ болады. Сән салонындағы айқайға бойжеткеннің әріптестері араласып, қызба жігітті сабасына түсіргісі келді. Алайда ол дауға араша түскендердің біріне пышақ сұғып алған.

Денесіне өткір зат кірген азамат ауруханаға жеткізілгеннен кейін, жанжал шыққан жерге полицейлер келіп, 30 жастағы күдіктініні қамап тастаған.

Енді бақыт құсын қолына қондыра алмаған жігіт кемі үш жылын түрмеде өткізуі мүмкін.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Қызды әріптесі қорғамақшы болған. Нәтижесінде кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған. Күдікті кінәсін мойындап, оған күзетпен бұлтартпау шарасы тағайындалды.

ktk.kz 




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.11.2019, 22:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30