Оқиға

Қыз ба, ұл ма? Алматыда ерекше сәби дүниеге келді

  • Қыз ба, ұл ма? Алматыда ерекше сәби дүниеге келді

    Қыз ба, ұл ма? Алматыда ерекше сәби дүниеге келді

Уақыт өте келе нәрестенің жынысы өзгерген. Сәбидің қыз не ұл екенін анықтау үшін анасына сотқа жүгінуге тура келіпті


Алматы тұрғыны баласының құжатын қыз деп өзгерткісі келеді. Перзентханадағылар нәрестені о баста ұл деп айтып, ата-анаға ер баланың куәлігін ұстатыпты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Алайда уақыт өте келе шақалақ қызға айналып келе жатыр дейді анасы. Миллионнан бір кездесетін жағдайға тап болған Мельниковтер отбасы баланың құжаттағы аты-жөні мен жынысын ауыстыруға сотқа келді.


Қателік жіберді деген күдікпен перзентхана қызметкерлері де сотқа шақыртылыпты. Сөйтсе, дәрігерлердің еш кінәсі жоқ екен. Сегіз айлық сәби өте сирек кездесетін генетикалық дертке шалдыққан. Яғни, дүние есігін ашқанда шақалақ шынымен ұл болған, бірақ толық емес.


Мұндайды бұрын-соңды көрмеген дәрігерлер ақылдаса келе, ақыры нәрестені ұл деп жазыпты. Ата-анасы да онымен келісіп, балаға Максим деп ат қойған.


Алайда сырқатына байланысты гормон дәрілер ішіп жүрген сәби уақыт өте келе қызға айналып, туыстары Анна деп атай бастапты. Генетикалық ауытқуы бар Анна толық қыз да емес. Сонда да ата-анасы сырқат нәрестесін ең болмаса құжатта «қыз» деп көрсеткісі келеді.


"Қыз тапқаныма сенімдімін. Дауысы, жылағаны, күлгені – қыздың қылығы. Құжаттан әбден қажыдық. Жедел жәрдем шақыртсақ, «куәлікте ұл деп тұр, ұл қайда?» деп сұрайды. Осы түсінбеушілік кесірінен тегін медициналық көмек ала алмай келдік. Енді құжатымызды тезірек реттеп берсе деп сұраймыз", - дейді баланың анасы Кристина Бобенко.




Көрілген: 794    Пікірлер: 0

сенбі, 02.11.2019, 19:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30