Оқиға

"Қыз қорқып тұр екен". Қарағандыда жер үйдегі трагедия

  • CC0 / pixabay.com

    CC0 / pixabay.com

Қарағандыда жер үйден өрт шығып, баспана қожайыны оттан шыға алмай жанып кетті. Ал үйде қалған 7 жасар қызды қызыл жалыннан көршісі алып шығып үлгерген.


Түс ауа лап еткен от лезде үйдің аузы-мұрнынан шыққан. Өрт сөндірушілер келгенде баспананың шатыры опырылып ішіне түсіпті. Құтарушылар тілсіз жаумен бір сағаттан аса алысқан. Өрт әбден сөндіріліп біткенде ғана үй ішінен 45 жастағы ер адамның денесі табылыпты. Мамандар апат пеш жағуда өрт қауіпсіздігінің сақтаулмауынан болуы мүмкін деп отыр.

Көршілерінің айтуынша, баспанада марқұммен бірге оның қарындасы кішкентай қызымен тұрған. Бүлдіршінді көршісі құтқарып қалды, деп хабарлады КТК.


"Кішкентай қыз үйге кіреберісте екінші қабаттағы сатыда тұр екен. Түсуге қорқып тұр. Астында от жанып жатты. Қызды көтеріп үйге апарып тастап, қайтып келдім. Екінші рет кіргенде ешкімді таба алмадым", - дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Сайран Ілгебаев


 Sputnik




Көрілген: 410    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.03.2019, 09:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31