Оқиға

Қызға барған астаналық жігіт көлігінен айырылды (видео)

  • Фото ғаламтордан

    Фото ғаламтордан

Елордада ғашығына барған сері жігіттің көлігін белгісіз біреу ұрлап мініп кеткен. Қалалық полиция ізшілдері көп ұзамай қолды болған көлікті қаладағы темір-терсек өткізетін жерден тапты, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Полиция бөліміне 28 жастағы қала тұрғыны өзінің Ваз-2115 маркалы көлігінің ұрланғаны жайлы хабарласқан, деп мәлімдейді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі. Белгісіз біреулер оның жол жиегінде тұрған көлігін айдап кеткен.

 

Қошқарбаев көшесінің жиегіне қойып кеткен көлікті түрлі кілттерді қолдану арқылы ашып алған. Зардап шегушіге 700 мың теңге көлемінде шығын келген. Ізкесушілер көп ұзамай қылмыс жасаған адамды анықтады, — деп жазды қалалық ПД баспасөз қызметі.

 

 

Қаланың 36 жастағы еш жерде жұмыс істемейтін тұрғыны ұрланған көлікті темір-терсек қабылдайтын жерге апарып 100 мың теңгеге өткізіп жіберген.

 

Аталған қылмысқа қатысты ҚК 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.

 

 

 

 




Көрілген: 1428    Пікірлер: 0

жұма, 12.11.2021, 10:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31