Оқиға

Қызметкерін тепкен Арқалық қаласының полиция бастығы қызметінен шеттетілді (видео)

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қоластындағы қызметкерін тепкен Арқалық қаласы полиция басқармасының бастығы жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Facebook қолданушысы Серік Төлекбаев жариялаған видеода Арқалық қаласы полиция басқармасы бастығы Жеңіс Ахметовтің қызметкерін тепкен сәті таспаға түсіп қалған.


Серік Төлекбаевтың жазуынша, басшы тарапынан жасалған мұндай өрескел қылық бұған дейін де болған.


Қостанай облысы полиция басқармасы бастығының БАҚ-пен байланыс жөніндегі кеңесшісі Елена Кашарина аталмыш видеоға қатысты түсінік берді.


«Қазір Арқалық қаласы полиция басқармасының бастығы Жеңіс Ахметовке қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр. Қостанай облысы полиция департаменті басшысының бұйрығымен Ж.Ахметов қызметінен шеттетілді. Оқиғаның мән-жайын анықтауға ПД бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары басқарған қызметкерлер тобы жұмылдырылды»,- деді Е. Кашарина.


Видео мына жерде:  www.facebook.com/100019311699268/videos/406900889963631/




Көрілген: 3612    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.09.2019, 20:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31