Қызылорда облысында қоқыс жәшігінен шала туған шарана табылды

18 қазан 2021, 19:47

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Төретам кентінде аула сыпырушы айы-күні жетпей дүниеге келген шақалақты тауып алған. Алайда шарана шетінеп кеткен боп шықты, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Шақалақ табылған қоқыс контейнерлері Жанқожа батыр көшесіндегі 27-үйдің ауласында орналасқан. Жергілікті әкімдіктің аула сыпырушысы қоқыс жинап жүріп шала туған сәбиді көрген.

 

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы (жаңа туған баланы анасының өлтіруі) бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерумен ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігі айналысып жатыр.