Қызылордада 7 жастағы бала бассейнге батып кетті

21 желтоқсан 2021, 00:36

Қызылордада 7 жастағы бала бассейнге батып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

14 желтоқсанда Қызылорда қаласындағы спорт кешендерінің бірінде 7 жастағы бала бассейнге батып кетіп, тұншығып, қайтыс болды.

 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  141-бабының 2-бөлігімен (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау салдарынан абайсызда өліміне әкеп соққан әрекеттер) және 306-бабының 3-бөлігімен (Тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн қызметтер көрсету нәтижесінде абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеттер) тіркелді.

 

Осы оқиғаға жол берген кінәлі адамды анықтау және іс-әрекетке құқықтық баға беру бағытында қажетті сот-сараптамалары тағайындалып, кешенді тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

 

Қылмыстық іс Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды.