Оқиға

Қызылордада "алты жасар баланы зорлап, аяусыз өлтірген" деген қауесет тарады

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Қызылорда қалалық полиция басқармасы алты жасар Альтаир Бақыттың қалай көз жұмғаны туралы ақпарат таратқан әйелді іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Қызылордада мессенджерлер арқылы "алты жасар баланы зорлап, аяусыз өлтіріп, содан кейін ғана шұңқырға тастады" деген қауесет тарады. Қалалық полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды және қазір аудиожазбаның авторы ізделуде.

 

"Қазіргі уақытта жалған ақпарат таратқан әйелді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік желілер немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын еске саламыз", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қасақана жалған ақпарат тарату үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлмен немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен немесе қоғамдық жұмыстарға тартумен жазаланады. Сегіз жүз сағатқа дейін немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.

 

Еске салсақ, осыған дейін Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен бала өлі күйінде табылғаны туралы белгілі болды.

 

 

 




Көрілген: 459    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.04.2021, 19:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30