Оқиға

Қызылордада бір тәулікте 19 той анықталды

  • Қызылордада бір тәулікте 19 той анықталды

    Қызылордада бір тәулікте 19 той анықталды

5 шілдеден бастап бүгінгі күнге дейін 24 мониторингтік топтың рейдтік тексерістерімен 3226 нысан қамтылды. Нәтижесінде 804 карантин талаптарын бұзушылық анықталды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Оның ішінде халыққа қызмет көрсету нысандарындағы бұзушылық саны &ndash 383, үй жағдайларында ұйымдастырылған мерекелік-көпшілік іс-шаралар саны-403 және көшедегі топтық жиналулар саны-18.

Анықталған 804 карантин талаптарын бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-тің 425-бабының 1-бөлігімен жалпы сомасы 37 391 880 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

Карантин талаптарын бұзушылықтың басым бөлігі үй жағдайында көпшілік жиын ұйымдастыруға қатысты және қоғамдық тамақтану орындары, азық-түлік сауда орындарына қатысты анықталған. Оның ішінде жеке кәсіпкерлікке қатысты-14, нысандарға қатысы бар жеке тұлғаларға-369, ал нысандармен байланысты емес жеке тұлғаларға қатысты 421 әкімшілік хаттама толтырылған.

Халыққа қызмет көрсету орындарындағы карантин талаптарын бұзушылықтың басым бөлігі санитариялық талаптардың сақталмауына қатысты анықталған, яғни қызметкерлер маскасыз, қорғаныш қолғаптарынсыз халыққа қызмет көрсеткен, сонымен қатар шекті уақыттан асырып жұмысын жалғастырған нысандар да бар.

Атап айтқанда, 278 дерек маска тағу ережесін бұзуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтамауға қатысты, жұмыс жасау уақытының шектелуін бұзу бойынша &ndash 60, тыйым салынған нысандардың қызмет көрсетуі бойынша &ndash 31, залалсыздандыру талаптарының сақталмауы бойынша&ndash 14 талап бұзушылық орын алды.
Соңғы тәулікте облыс бойынша 19 карантин талаптарын бұзушылық анықталды. Оның ішінде 2 дерек мейрамханаларда, 17 дерек жеке тұрғын үйде той жасаған жеке тұлғаларға қатысты анықталды. Нәтижесінде 19 жеке тұлғаға 791 730 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

aikyn.kz




Көрілген: 252    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.11.2020, 19:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31