Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қызылордада екі жасар қыз бассейнге батып кетті

23 шілде 2022, 12:47

Қызылордада екі жастағы сәби үрлемелі бассейнге батып кетті.

Қайғылы жағдай, кеше, 22 шілдеде кешке болған.

Қызылорда қаласындағы тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалып қойған 2020 жылы туған сәби үрлемелі бассейндегі суға тұншығып қалған.

"Облыс тұрғындарынан балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау қажет. Балаларға барынша сақ болыңыздар", - деп ескертті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті.