Оқиға

Қызылордада екі күннен бері хабарсыз кеткен жас қызға іздеу жарияланды

  • Фото: pixabay.com

    Фото: pixabay.com

Қызылорда қаласында екі күннен бері хабарсыз кеткен 17 жастағы қызға іздеу жарияланды. Бұл жөнінде Қызылорда облыстық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ведомство мәліметінше, ол 8 сәуірде сағат 18.30 шамасында жұмыс орнынан белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.

 

«Осыған байланысты Қызылорда облысының Полиция департаменті 2004 жылдың 18 ақпанында дүниеге келген Серікбаева Ғалия Нұртуғанқызына іздеу салады.

Белгілеріне тоқтала кетсек: бойы 160 см, орташа денелі.

Шашы белден келеді, ашық қоңыр түсті.

Көзі қоңыр түсті, қысыңқы.

Қараторы келген.

Үстіне қызыл түсті куртка, қызыл түсті көйлек, қара түсті джинсы шалбар, аяғына қызыл түсті кроссовка киген.

Жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда : 8(7242)-29-70-10, 8(7242)-29-75-20, 8(7242)-29-75-02, 8-705-255-81-25 немесе 102 телефон нөмірлеріне хабар беруді сұраймыз», - делінген полиция хабарламасында.

 

Айта кетейік, бұдан бұрын Қызылордада 3 жыл бұрын жоғалған адам Түркістаннан табылған болатын.

 

 

 




Көрілген: 483    Пікірлер: 0

сенбі, 10.04.2021, 19:18

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31