Оқиға

Қызылордада ер адамның мәйіті көл бетіне қалқып шыққан

  •  © vo-dela.su

    © vo-dela.su

Қызылорда қаласының Қалғандария көліне 61 жастағы азамат батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қызылорда қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшісіне полиция қызметкерлерінен хабар түскен. Онда Қызылорда қаласының «Аэрофлот» саяжайындағы Қалғандария көлінде белгісіз ер адамның денесі судың бетіне шығып тұрғаны айтылған.


«Хабарлама бойынша Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының 6 құтқарушысы 2 бірлік техникамен оқиға орнына барды. Ер адамның денесін судан шығарды. Одан кейін марқұмның денесі полиция қызметкерлеріне табысталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.


Анықтау барысында бұл азаматтың 1958 жылы дүниеге келген Қызылорда қаласының тұрғыны екені белгілі болды.


Бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысында 10-ға жуық адам суға кетті. Оның жартысына жуығы балалар болып табылады.


Былтыр дәл осындай жағдайдан 22 адам көз жұмған.


Бұдан бұрын Қызылордада екі күнде үш адамның суға кеткенін хабарлаған едік.


 




Көрілген: 414    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.06.2019, 13:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Маусым, 11:45
    Миялыдағы ажалды апат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30