Оқиға

Қызылордада есік алдынан үш жасар сәби жоғалып кетті

  • ҚазАқпарат

    ҚазАқпарат

Қызылорда облысы Қазалы ауданында үй ауласында ойнап жүрген үш жасар бала жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Жергілікті полиция бөліміне аудан тұрғынынан үш жасар баласы жоғалып кеткені жөнінде хабар келіп түсті. Ол үй ауласында ойнап жүрген.


Хабарлама бойынша полиция бөлімінің жеке құрамы дереу құлақтандырылды. Оларға жоғалған баланың сыртқы сипаты туралы мәлімет берілді. Нәтижесінде іздестіру жұмыстары қолға алынды.


«Есік алдында ойнап жүріп, жоғалып кеткен сәбиді табу оңайға соққан жоқ. Десе де полиция қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде сәби теміржол вокзалы аумағынан аман-есен табылды. Ол ата-анасына тапсырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Бұл орайда полиция капитаны Ғалымжан Аманов пен полиция аға лейтенанты Ақмаржан Абдулхайырованың еңбегі зор. Сәбидің ата-анасы оларға алғыс білдірді.


 




Көрілген: 525    Пікірлер: 0

жұма, 17.05.2019, 09:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30