Оқиға

Қызылордада газ жарылып, тұрғын үй қирады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қызылорда қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде газ жарылысы орын алды. Оқыс оқиға салдарынан тұрғын үй қирап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Келеңсіз жағдай қаланың шет аймағындағы Ә.Молдағұлова көшесіндегі тұрғын үйде болған. Газ жарылысы салдарынан өрт шыққан. Бұл сәтте үйде 1965 жылы дүниеге келген азамат болған. Ол ауыр дене жарақатын алды.


«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Нұрсұлтан Ибрагимовтың айтуынша, көршілері 101 байланыс қызметіне тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы қоңырау шалған.


Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты мекеме, жедел жәрдем, полиция және өзге құзырлы орындар мамандары келіп жетті. Қазір оқиғаның барысы тексеріліп жатыр.


 


 




Көрілген: 400    Пікірлер: 0

сенбі, 08.06.2019, 00:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30