Қызылордада Жаңа жыл түні шырша өртеніп кетті

01 қаңтар 2023, 14:15

Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде орнатылған жаңажылдық шырша өртеніп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тасбөгет кентіндегі шыршаның өртенгені туралы ақпарат 1 қаңтарда сағат 2.01-де келіп түскен. 

"Аталған шақырту бойынша №4 өрт сөндіру бөлімінен 7 қызметкер 1 техникамен оқиға орнына барды. Өрт 2.07-де оқшауланып, 2.08-де толық сөндірілді. Өрттің шығуына электр сымның қысқаша тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Шығын мөлшері анықталып жатыр", – деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа жыл түнінде жұмыс істеген қазақстандықтарға алғысын білдіргені туралы хабарлаған едік.