Оқиға

Қызылордада жол апатынан екі жедел жәрдем қызметкері көз жұмды

  • Қызылордада жол апатынан екі жедел жәрдем қызметкері көз жұмды

    Қызылордада жол апатынан екі жедел жәрдем қызметкері көз жұмды

Қызылорда қаласында жол апаты орын алып, жедел жәрдем қызметкерлері көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 29 тамыз таңғы сағат 05:46 шамасында Қызылорда қаласында орталық көшелердің бірінде болды. "Toyota Land Cruiser" автокөлігінің жүргізушісі көліктің басқару жүйесіне ие бола алмай, бағдаршам алдында тоқтап тұрған жедел жәрдем автокөлігіне соққан.

 
"Жол-көлік оқиғасынан екі адам медициналық мекемеде көз жұмды. Тексеру барысында "Toyota Land Crusier" автокөлігінің жүргізушісі орта дәрежедегі масаң күйде болғаны анықталды. Бұл азамат 2016 жылғы қараша айында Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 6-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", – делінген ПД хабарламасында. 

Полиция мәліметінше, "Toyota Land Cruiser" автокөлігінің жүргізушісі Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Облыс орталығындағы №5 емхана ұжымы фельдшер Жадыра Омарова және жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Бақытжан Маенов қызмет бабында қаза тапқанын хабарлады.




Көрілген: 452    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.08.2021, 08:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31