Оқиға

Қызылордада көшеде мылтық алып жүрген тұрғын қолға түсті

  • Қызылордада көшеде мылтық алып жүрген тұрғын қолға түсті

    Қызылордада көшеде мылтық алып жүрген тұрғын қолға түсті

Қызылорда қаласында полицейлер көшеде мылтық алып жүрген тұрғынды қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған азаматты тәртіп сақшылары «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ұстады. Полицейлер Тасбөгет кентінде қала тұрғынын тексерген болатын. Сол уақытта жергілікті тұрғынның ақ түсті полиэтилен пакетінен 2 ұңғылы нөмірі жоқ шолақ мылтық алып жүргені анықталды.

«Қазіргі таңда аталған іс бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүмыстары жүргізілуде. Онда атыс қаруын, тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа, оқ дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.




Көрілген: 662    Пікірлер: 0

жұма, 11.06.2021, 21:31

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31