Оқиға

Қызылордада мас әйел мектепте шу шығарған

  • https://nondrinker.ru/

    https://nondrinker.ru/

Қызылордада екі баласын қараусыз қалдырған азаматша ата-аналық құқығынан айырылуы мүмкін, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.

 

2021 жылдың 3 ақпаны күні Қызылорда қаласындағы білім беру ұйымдарының біріне 1979 жылы туған азаматша масаң күйде келіп, азаматтардың мазасын алған.

 

Бұл факт бойынша аталған азаматшаға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік хаттама толтырылып, ол уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды.

 

Мектеп әкімшілігі мен тәртіп сақшылары азаматшаның тұрғылықты мекен-жайын тексеру барысында жоғарыда көрсетілген азаматшаның кәмелетке толмаған екі баласының қараусыз, әрі қадағалаусыз қалғанын анықтады.

 

Осыған орай, әйелдің кәмелетке толмаған алты жастағы қызы облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, бір жарым жастағы қызы көпбейінді балалар ауруханасына орналастырылды.

 

Тексеру барысында 42 жастағы азаматшаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін үш рет хаттама толтырылғандығы анықталды.

 

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері аталған азаматшаны ата-аналық құқығынан айыру немесе шектеу мәселесін шешу үшін қала әкімі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысына құжаттар жинақтауда.

 

 

 




Көрілген: 197    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.02.2021, 08:10

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30