Оқиға

Қызылордада тергеу изоляторында отырған әйел босанды

  • ҚазАқпарат

    ҚазАқпарат

Қызылорда қаласында ЗК-169/1 тергеу изоляторы мекемесінде отырған азаматша екінші перзентін дүниеге алып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Азаматша Қызылорда қалалық тергеу сотының 2019 жылғы 13 сәуірдегі қаулысына сәйкес ЗК-169/1 мекемесіне жіберілген. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2,3 тармақтарымен «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылған. Әйел 10 маусым күні Ана мен бала орталығында босанып, екінші перзентін дүниеге алып келді.


«Аталған азаматшаға ЗК-169/1 мекемесінің әкімшілігі алғашқы кезектегі қажетті заттар және тиісті азық-түлігімен қамтамасыз етті. Қазір ана мен баланың денсаулығы бірқалыпты. Мекеме әкімшілігі нәрестенің құжаттандыру жұмыстарымен айналысуда. Қылмыстық ісі бойынша шешімді заң талаптарына сәйкес мерзімінде сот органдары қабылдайды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Дана Достанова.


 




Көрілген: 197    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.06.2019, 16:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30