Оқиға

Қызылордада тұрғын үйде газ жарылып, төрт адам қаза болды

  • Көрнекі фото. Сурет ғаламтордан

    Көрнекі фото. Сурет ғаламтордан

Қызылорда облысында газ баллоны жарылып, төрт адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қайғылы жағдай туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жазды.

 

 

"Жерлестер! Бүгін Қармақшы ауданы Жосалы кенті Рүстембеков көшесі, 29 мекенжайында орналасқан жеке тұрғын үйде түскі сағат 13:30 кезінде 27 литрлік газ баллоны жарылып, 144 шаршы метр жер өртке оранып, 4 адам көз жұмды. Қайтыс болған азаматтардың туған-туыстарына Сыр елі жұртшылығы атынан қайғыра көңіл айтамын", - деп жазды облыс әкімі.

 

Сондай-ақ, облыс әкімі қайтыс болғандардың аты-жөнін жариялады. Олар:

 

* 2001 жылы туған С. Өміртаева,

 

* 1981 жылы туған Р. Айтмаханова,

 

* 2000 жылы туған Н. Айтмаханова,

 

* 1999 жылы туған С. Мырхиев.

 

Өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері келгенге дейін 1950 жылы туған С. Алмаханова хирургия бөлімшесіне жатқызылған.

 

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері мен 4 техникасы, ӨКМ-нің 20 қызметкері және 4 техникасы, жергілікті атқарушы органның 10 қызметкері мен 3 техникасы, прокуратураның 3 қызметкер, 1 техникасы, бастапқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің 8 маманы мен 3 техникасы, Қызылорда электр тарату тораптары компаниясының 3 қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылды.

 

"Бұл бәрімізге де жеңіл тимеді. Қазіргі таңда осыған байланысты мәселе менің тікелей бақылауымда тұр. Өрттен, судан, басқа да апаттан аман болайықшы, жерлестер!", - деп жазды Әбдіқалықова.

 

Қармақшы ауданы – Қызылорда облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. Аудан орталығы – Жосалы кенті.

 

 

 

 

        




Көрілген: 622    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.03.2021, 17:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31