Оқиға

Қызылордадағы автобус апат: министр зардап шеккендердің жағдайы жайлы айтты

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

"Қызылорда-Құмкөл" тас жолындағы апаттан 22 адам зардап шеккен. Алтауы ауыр хәлде облыстық ауруханаларға жатқызылды. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, "Қызылорда-Құмкөл" тас жолындағы автобус апатынан 22 адам зардап шеккен.

"Алты адам ауыр хәлде облыстық ауруханаларға жатқызылды, 16-сы ауырлығы орташа жарақат алған", - деді Біртанов үкімет кулуарында.

Бұдан бөлек, жеті адам жеңіл жарақат алған. Пациенттерге санитарлық авиация бригадалары ұсынылып, барлық қажетті көмек көрсетілуде.

"Пациенттерді республикалық орталықтарға ауыстыру қажет болып қалуы мүмкін. Сондықтан біз дайындық жүргізіп жатырмыз", - деді министр.

Қызылорда облысындағы жол апаты

Бүгін таңғы бестер шамасында "Қызылорда-Құмкөл" тас жолында автобус аударылды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көктайғақтан рөлге ие бола алмай, аударылған.

Соңғы деректерге сүйенсек, салонда 36 жолаушы болған. Сегіз адам көз жұмып, 22 жарақат алды. Автобуста тек Қазақстан азаматтары болған, шетелдіктер жоқ.

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің мәліметінше, автобус мұнай компаниясына тиесілі екен. Көліктегі жолаушылар Құмкөлге жұмысқа бара жатқан.

Оқиға орнында полиция, төтенше жағдай және медициналық қызмет қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы "Көлік басқарған адамдардың жол қозғалысы немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қызылордада 8 адамның өмірін қиған жол апаты: жаңа деректер шықты

Автобус жүргізушісі бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейін айырылуы ықтимал.

Төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысы ТЖД базасында жедел штаб құрылды. Қауырт желі телефоны жұмыс істеп тұр: 8 (7242) 24-41-61, 70-03-28.

 




Көрілген: 292    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.12.2019, 12:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31