Оқиға

Қызылордадағы автобус апатына қатысты жаңа деректер шықты

  • © Photo : КЧС

    © Photo : КЧС

Соңғы мәліметтер бойынша Қызылорда-Құмкөл тас жолындағы апаттан қаза тапқандар саны 8 адамға жетті, 21 адам зардап шекті. Бұл туралы үкімет кулуарында ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жанат Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Бүгін таңғы сағат бес шамасында "Қызылорда-Құмкөл" тас жолында апат болды. Қазіргі таңда 8 адам қаза болып, 21 адам жарақат алды. Автобус жүргізушісі көктайғақтан рөлге ие бола алмай, салдарынан аударылды. Қазір тергеу органдары жұмыс істеп жатыр", - деді ол.

Айтуынша, автобустағы жолаушының барлығы Қазақстан азаматтары, шетелдіктер жоқ. Мұнай компаниясына қарасты автобус жолаушылары Құмкөлге жұмысқа бара жатқан.


Әбдірахманов көлікте балалар болмағанын нақтылады.


"Үлкен Neoplan автобусы, 45-50 адамдық. Қоғамдық көлік ішінде елу шақты адам болған. Жүргізуші тірі ме, жоқ па әлі белгісіз. Ақпарат тексеріліп жатыр", - деді Жанат Әбдірахманов.


Оның мәліметінше, көлікке автотехникалық сараптама жүргізіледі. Қазір төтенше жағдай комитетінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тас жолды толығымен тексеруде.


 




Көрілген: 513    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.12.2019, 12:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31