Оқиға

Қызылордадағы тікұшақ апаты: Қорғаныс министрі апат орнына барды

  • Қызылордадағы тікұшақ апаты: Қорғаныс министрі апат орнына барды

    Қызылордадағы тікұшақ апаты: Қорғаныс министрі апат орнына барды

 Бүгін армиялық авиацияның тікұшағында әскери ведомство басшысы генерал-майор Нұрлан Ермекбаев Ми-8 тікұшағы апатқа ұшыраған жерге келіп, оқиға орнында жұмыс жасап жүрген мамандардың баяндамаларын қабылдады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.


Сапар барысында қорғаныс министрі авиациялық апаттың себептері толық анықталғанға дейін бір типті тікұшақтардың (Ми-8, Ми-17, Ми-171) ұшуларын тоқтатуды, сондай-ақ «Алтын жебе» оқу-жаттығуы барысында осы тікұшақ типтерінің қолданылуын топшылайтын іс-қимылдарды тоқтатуды, авиациялық апатты жан-жақты әрі дәйекті тергеп-тексеруді ұйымдастыру мен өткізуді, ұшуды қамтамасыз етуге қатысқан барлық қызметтер мен лауазымды адамдардың іс-қимылдарына баға беруді, авиациялық апатқа әкеп соқтырған барлық жағдайды анықтауды тапсырды.


Сондай-ақ, ауа райының қауіпті құбылысына тап болған жағдайда әрекет ету тәртібі бойынша ұшу және инженерлік-техникалық құраммен қосымша тренаж ұйымдастыруды тапсырды.


"Сонымен қатар іздестіру мен шұғыл сәйкестендіруді, сот медициналық сараптаманы қамтамасыз ету және тергеу органдарымен келісу арқылы мәйітті жерлеу орындарына жеткізуді тапсырды. Жергілікті атқару органдарымен өзара әрекет етуде жерлеуге арналған учаскелердің бөліну мәселесін шешу және әскери жөн-жоралғыны сақтай отырып, әскери қызметшілерді жерлеуді қамтамасыз ету", - делінеді хабарламада.


Қаза тапқан әскери қызметшілердің туысқандары мен жақындарына қажетті психологиялық, материалдық және өзге де көмек көрсету мен барлық әлеуметтік кепілдемелермен қамтамасыз ету, заң бойынша барлық тиесілі әлеуметтік кепілдемелер мен төлемдерді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.


Қаза болғандардың отбасыларының әлеуметтік мәселелерін шешу, шефтілік пен әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін командалық құрам санынан жауапты лауазымды адамдарды бекіту туралы шешім қабылданды.


Оқиға болған жерде Қорғаныс министрлігінің арнайы құрылған комиссиясы өз жұмысын жалғастыруда.


Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысында Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан тікұшақ құлады. Тікұшақ басқа төрт әскери тікұшақтармен топ құрап, Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан. "Алтын Жебе" атты арнайы бөлімдердің оқытуы әрі кешенді тексерісі болған соң, тікұшақтар бір қаладан екінші қалаға ұшуды көздеген.


Президент Тоқаев қайғылы оқиғада қаза тапқандардың жанұясына көңіл айтып, тергеу жұмыстарын бастауды бұйырды.


Stan.kz.




Көрілген: 500    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.03.2019, 22:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31