Оқиға

Қызылордалық бизнесмен жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (видео)

  • © CC0 / TeroVesalainen

    © CC0 / TeroVesalainen

75 жастағы қызылордалық бизнесмен шамамен он күн бұрын жоғалып кеткен. Ол күнделікті әдеті бойынша таңертең серуенге шыққан, содан бері одан хабар жоқ, деп хабарлады Астана телеарнасы.

 

Туыстарының айтуынша, ол ешқашан ұялы телефонын қалдырмайды. Алайда дәл жоғалып кеткен күні телефонын үйінде тастап кеткен. Таңертең бейнебақылау камерасына ер адамның жағалау бойында жүргені түсіп қалған. Алайда арықарай қай жаққа бет алғаны беймәлім.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

"Полиция, әскери қызметкерлер, еріктілердің көмегімен осы аймақты түгел аралап шықтық. Шынайы ақпарат берген кез келген адамға сыйақы береміз", - деді жоғалған бизнесменнің туысы Елтай Шілдебаев.

 

Туыстарының айтуынша, Тынымбай Баженов денсаулығына шағымданбаған және бизнесте қиындықтың болған-болмағаны жайлы тіс жарып ештеңе айтпаған. Ол жиһаз өндіретін компанияның иесі.

 

Туыстары ер адамның қайда бет алғаны жайында түрлі болжам жасап отыр. Оны көлік қағып кетіп, кінәлілер денесін қаладан алып шығуы да мүмкін дейді.

 

Іздеу жұмыстарына полиция, туыстары, еріктілер мен құтқарушылар қосылды. Сүңгуірлер Сырдарияның төменгі бөлігін тексереді. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, іздестіру-құтқару жұмысы күн сайын Сырдария өзенінен Талсуат ауылына дейін жалғасып жатыр.

 

sputnik

 




Көрілген: 200    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.02.2020, 09:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30