Оқиға

Қызылордалық келіншек жедел жәрдем көлігінде егіз сәбиін дүниеге әкелді

  • Қызылордалық келіншек жедел жәрдем көлігінде егіз сәбиін дүниеге әкелді

    Қызылордалық келіншек жедел жәрдем көлігінде егіз сәбиін дүниеге әкелді

Қызылордалық келіншек ауруханаға жете алмай, жедел жәрдем көлігінде егіз бала босанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қызылордалық келіншектің іші ауырып, жергілікті акушерге хабарласқан. Оны тексерген акушер әйелдің толғағы басталғанын, шұғыл түрде облыс орталығына бару керектігін айтты. Олар күйеуінің көлігімен қалаға жетіп, жолда жедел жәрдем шақырған.

 
"Көлік есігін ашқанда әйел қатты айқайлады, сәбидің басын көріне бастады. Әріптесім фельдшер Ислам Кенжебековпен бірге әйелге көмектестік. Біраз уақыттан кейін келіншектің тұңғыш ұлы дүниеге келді. Артынша оның кіндігін кестік. Толғағы тоқтап, ауруханаға жетіп үлгереміз деп ойладық. Біраз уақыттан кейін қыз бала дүниеге келді", - дейді жедел жәрдем дәрігері Мейрамбек Әділбеков.

Босану жақсы өтті. Қыздың салмағы 2400 грамм, ұлдың салмағы 2496 грамм.

24 жастағы фельдшер Ислам Кенжебеков өмірінде бірінші рет әйел адамды босандырғанын айтты. 

"Мен қатты уайымдадым, бірақ көрсетпеуге тырыстым. Нәтижесінде екі әдемі сәби дүниеге келді. Балалар дүниеге келген кездегі сезімімді айтып жеткізу мүмкін емес", - деді ол.

Облыстық жедел жәрдем стансасы бас дәрігерінің орынбасары Ғалия Нұрсейітова "Жедел жәрдем бригадалары үйде және жедел жәрдем көлігінде босанулар жиі кездесетінін айтты. Апта сайын дерлік фельдшерлер сәбилердің дүниеге келуіне өз бетінше көмектеседі, босанған әйелдерге көмек көрсетеді.

"Барлық жедел жәрдем бригадалары оқытылған, сертификатталған және жолда шұғыл білікті акушерлік көмек көрсетуге дайын", - деді Нұрсейітова.

Stan.kz




Көрілген: 551    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.11.2021, 21:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31