Оқиға

"Лақтырып жіберген шығар": Алматыда аула сыпырушы алтын сақина тауып алды

  • "Лақтырып жіберген шығар": Алматыда аула сыпырушы алтын сақина тауып алды

Алматыда аула сыпырушы Зүлфия Мунгатова арық ішін тазалап жүріп алтын сақина тауып алған. Құнды сыйлықты иесіне қайтаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына сілтеп Stan.kz хабарлайды.


Аумақты жинаумен айналысатын мердігер компанияның қызметкері Райымбек станциясындағы метроға кіре берістің жанында алтын әшекейді тауып алған.


"Түстен кейін біз бригадамен Райымбек даңғылындағы арықтарды тазалауға келдік. Бірнеше күннен бері күн жаңбырлы болып,арықтар жиі тазалаймыз. Қоқыс астында мен қорапты көріп, ашып қалсам ішінде сақина бар екен. Мүмкін, біреу жоғалтты, мүмкін, біреу ашуланды да лақтырып жіберген шығар мен білмеймін. Өзіміздің шеберге қоңырау шалып, ары қайрай не істейміз дегенде,"ғаламторға хабарландыру береміз" деп шештік, мүмкін, иесі табылып жатыр", - дейді Зульфия Мунгатова.


"Әрине, бізде жұмыс оңай емес, жалақы аз. Арық ішіне не түспейді дейсіз. Айтарым, ұрыспаңыздар, арықтарға қоқыс тазтамаңыздар. Қоқыс, бөтелкелер, памперстер тастап кеткеннен арықтар бітеліп қалады", - деп өз өтінішін жеткізді аула сыпырушы.


Зульфия Мунгатова "Қала Көркейту" ЖШС-да қызмет атқарғанына төрт жыл болған. Компания басшысы Самат Байжановтың айтуынша, ол өз жұмысын әрдайым адал атқарып келеді.


"Оның осы әрекеті үшін біз оған жалақы мөлшерінде сыйақы тағайындауды шештік. Менің ойымша, осылай әділ болады. Ал табылған затты 8 701 503-96-43 нөміріне қоңырау шалып, бағасын айтып, сатып алғандағы шегін көрсетіп қайта алып кетуіне болады (қорапта заттың салмағы және бағасы бар). Біз оны өз иесіне қайтарамыз", - деді Самат Байжанов.




Көрілген: 846    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.04.2019, 13:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31