Лифт есігін сындырған атыраулық тұрғын ұсталды

27 желтоқсан 2021, 23:37

Полицейлер лифт есігін сындырған 33 жастағы азаматты анықтады, – деп хабарлайды ATPress.kz.

 

Көп қабатты үйлердің бірінде тұратын тұрғын сол үйдің лифт есігін ішімдік ішкен белгісіз ер адамның теуіп сындырғанын айтып, арызданған. Оқиға 26 желтоқсанда болған.

 

«Полицейлер  бейнебақылау камералары арқылы лифтінің есігін сындырған сол үйде тұратын 33 жастағы азаматты анықтады. Ол өзінің есікті ашу үстінде сындырғанын айтып, өз кінәсін мойындады», – деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Ашуын есіктен алған азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды және лифт есігі қайта қалпына келтірілді.

 

 

aikyn.kz