Оқиға

ІІМ Ақтаудағы теңізші-сарбаздың өлімі туралы пікір білдірді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР ІІМ Ақтаудағы теңізші-сарбаздың өлімі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сот сараптамалары тағайындалды. Ең алдымен мәйітке сот-медициналық сараптама жүргізіледі. Одан бөлек, өлімнен кейінгі сот-психиариялық сараптама бекітілген», - деп жауап берді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілер сұрағына.

Сонымен бірге, департамент басшысы әлімжеттіктің болған-болмағанын да тексеретінін айтты.

«Әлімжеттік бойынша әскери бөлімшеде жарғыдан тыс өзара қарым-қатынастарының болғанын тексеріп жатырмыз. Оны әскери қызметшілерден, марқұмның әріптестерінен және кеме басшылары мен бөлімше командирлерінен жауап алуда анықтаймыз», - деді С. Әділов.

Еске сала кетсек, ҚР Қорғаныс министрлігі Ақтаудағы кемелердің бірінен матрос өлі күйінде табылғанын растады.

Алдын ала болжам бойынша, сарбаз 18 жаста болған. Ол жеке құрам гальюнында шалбар белбеуіне асулы күйінде табылды.

 




Көрілген: 183    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.01.2020, 11:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29