Оқиға

Мақтааралда жоғалған қыз табылды

  • https://ptzgovorit.ru/

    https://ptzgovorit.ru/

Түркістан облысының полицейлері жоғалған бойжеткенді әпкесінің үйінен тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Мақтаарал АПБ-ның полиция қызметкерлерінің көмегіне жергілікті тұрғын жүгінді.

 

Ол әйелдің айтуынша, 18 жастағы қызы құрбысының үйіне шығып кетіп, қайта оралмаған.

 

Мақтааралдық полицейлер хабар алысымен толық құрамда оқиға орнына жедел жетті. Бойжеткен қызды табуға бағытталған шаралардың барлығын жүргізді. Баруы мүмкін деген аймақтарды аралап, уақыттың түн болғанына қарамастан тыңғылықты жұмыс жасады.

 

Осындай еңбектерінің нәтижесінде жоғалған жас қызды туыс әпкесінің үйінен тапты. Анасын қызына аман-есен қауыштырды.

 

Белгілі болғандай қыз әкесімен өзара сөзге келіп қалған. Соның салдарынан оған ренжіп, әпкесінің үйіне кетіп қалған.

 

Өз кезегінде қызының дін аман табылғанына қуанған анасы тәртіп сақшыларына алғысын жеткізді.

 

– Қызым үйден құрбысының үйіне барамын деп шығып кеткен. Арада біршама уақыт өткеннен кейін келмеген соң өз бетімізше іздеп көрдік. Бірақ таба алмадық. Полиция қызметкерлеріне дер кезінде хабар бердік. Олар болса аз уақыттың ішінде жылдам жетіп, қызымды тауып берді. Атқарған қызметтеріне дән ризамын, – деп риясыз көңілін білдірді.

 

Түркістан облысының полицейлері барлық ата-аналарға балаларына үйден үлкендердің рұқсатынсыз шықпау керектігін үнемі ескертіп, оларды бақылауда ұстау керектігін ескертеді.

 

Сонымен қатар жасөспірімдердің өтпелі кезеңінде дос ретінде сөйлесуге кеңес береді.

 

 

 




Көрілген: 2258    Пікірлер: 0

жұма, 25.06.2021, 21:31

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30