Оқиға

Мақтааралда Қазақстан туын судан алып шыққан полицейдің әрекетіне ел риза болды (видео)

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Мақтаарал ауданында суға ағып бара жатқан Қазақстан туын алып шыққан полицей әрекеті желі қолданушылары арасында қызу талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бұл жағдай кеше аумағын толықтай су басқан Фердоуси ауылында болған. Жетісай аудандық полиция басқармасының офицері Есімжан Нәдіров судан көк туды алып шықты.

 

ВИДЕО:  www.facebook.com/100013970926392/videos/884502432025446/

 

Жаңа мектептің алдында Қазақстан туының су ішінде жатқанын көрген Жетісай аудандық полиция басқармасының офицері Есімжан Нәдіров суға түсіп, туды алып шықты. Осы көріністі жергілікті халық ұялы телефондарына түсіріп, әлеуметтік желіге таратып жіберген.

 

Естеріңізге сала кетейік, 1 мамырда Сардоба су қоймасы бөгетін су шайып кетуіне байланысты Өзбекстанның Сырдария облысындағы елдімекенді су басты. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында шекара маңындағы бірнеше коллектор суға толып қалған. Мақтааралдағы орталық коллектордан су сыртқа жайылып, Жеңіс, Жаңа тұрмыс ауылдарын су алып кетті. Кейін тағы да 10 ауылды су алғаны белгілі болды.

 




Көрілген: 604    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.05.2020, 12:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31