Оқиға

Мақтааралдағы су басқан ауылдардан 5400 адам қауіпсіз жерге көшірілді (видео)

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су басқан елдімекендерден тұрғындарды көшіруге 450 полицей жұмылдырылды. Халықты эвакуациялау үшін Мақтаарал, Жетісай және Сарыағаш АПБ жеке құрамы мен Ұлттық ұланнан 250 әскери атсалысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Мырзакент кентіндегі №4 мектепте 2200 адамға арналған эвакопункт дайындалған. Техногендік төтенше жағдай орын алған аумаққа Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков те арнайы келді.

 

Қазіргі уақытта оқиға орнынан 5400 тұрғын эвакуацияланған. Кейбіреулері өздері көшіп, басқаларға көмек көрсеткен.

 

Тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп, басқа да қажетті шаралар қабылдауда.

 

ВИДЕО:   www.youtube.com/watch

 

Естеріңізге сала кетейік, 1 мамырда Сардоба су қоймасы бөгетін су шайып кетуіне байланысты Өзбекстанның Сырдария облысындағы елдімекенді су басты. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында шекара маңындағы бірнеше коллектор суға толып қалған.

 

Мақтааралдағы орталық коллектордан су төгіліп, Жеңіс, Жаңа тұрмыс ауылдарын су алып кетті. Облыстық маңызы бар «Мырзакент - Жеңіс - Жаңа тұрмыс» авомобиль жолын су басып, көлік жүре алмауда. Сондай-ақ Түркістан облысында су тасқыны қаупі төнген 3 ауылдың халқы эвакуацияланып жатыр.

 




Көрілген: 479    Пікірлер: 0

сенбі, 02.05.2020, 11:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31