Мал қораға теледидар орнатып қойғандар елді күлкіге қарық қылды (видео)

18 ақпан 2022, 13:44

Әлеуметтік желілерде тараған видео көпті қыран-топан күлкіге қалдырды.
Бейнежазбада мал қораға теледидар орнатылғанын көруге болады, деп хабарлайды Экспресс К.
Онда сиыр төлдері теледидар қарап тұрады. Видеоны көрген желі қолданушылары бұл дамыған ауылдағы көрініс екенін алға тартты.

"Шығармайтындары жоқ", "Мәдениетті сиырлар екен", "Мыналар кәдімгідей қарап тұр ғой", "Ақылды сиырлар", "Кереует апарып қойыңдар енді. Аяқтары талып қалмасын", "Дамыған елдердің қатарындамыз деген сөз", "Теледидарды кішкене биікке ілмепті де", "Теледидар біздің үйде жоқ. Мыналар қандай бақытты?" деп жазды желідегілер.
Видеоның қашан және қай жерде түсірілгені белгісіз.